Финляндияның әуе компаниясы Алматыға ұшатын болды

4 Желтоқсан 2019, 17:33
2130
Бөлісу:
Финляндияның әуе компаниясы Алматыға ұшатын болды

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылғы 3 желтоқсанда қазақстандық делегация Финляндияның авиация билігімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл елдің "Finnair" әуе компаниясы соңғы 3 жыл бойына Нұр-Сұлтан-Хельсинки бағытында ұшырылымдар атқарып келеді. Кеше өткен келіссөздер нәтижесінде аталған компания Нұр-Сұлтан қаласына жасалатын рейстер санын арттырып, Алматыға жаңа бағыт ашатын болды. Осылайша, екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, енді Хельсинки-Нұр-Сұлтан және Хельсинки-Алматы бағыттарында аптасына 7 реттен ұшуға болады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бұл шара мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында іске асырылып жатқаны да айтылған.
Өзгелердің жаңалығы