Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды

5 Сәуір 2023, 04:17
732
Бөлісу:
Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды
Фото: ria.ru

Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто елдің Солтүстік атлантикалық келісімге қосылатыны туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 сәуірде Финляндия ресми түрде НАТО-ға мүше болды. Финляндия президенті Саули Ниинистё Twitter-де Литва президенті Гитанас Науседаның құттықтауын жариялады.

Құжатқа қол қойғаннан кейін НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен ортақ мәлімдеме жасады.

Столтенберг Финляндияның НАТО-ға қосылған күні ерекше екенін атап өтті.

Айта кетейік, НАТО 1949 жылдың 4 сәуірінде құрылған. Ұйымға 31 ел ресми мүше.

Бұған дейін хабарланғандай, Финляндия президенті НАТО-ға кіру туралы заңға қол қойды.

Өзгелердің жаңалығы