Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен

20 Мамыр 2024, 20:23
631
Бөлісу:
Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

23 мамырда Ахмет Байтұрсынов туралы “Соңғы үкім” толықметражды фильмі көрерменге жол тартады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл фильм тек Ахмет туралы емес, қазақтың ұлттық интеллигенциясының алғашқы легі, солардың арманы, көксеген мұраты, бір жағынан сұлу, әдемі, бір жағынан адам айтқысыз қиын, яғни қайғылы тағдырына деген біздің бір ауыз дұғамыз, – деді фильмнің сценарий авторы және продюсері Ғалым Доскен фильмнің жабық көрсетілімінде.

Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен

Сценарий авторы бұл жоба барысында үлкен деректік массивпен жұмыс жасағанын атап, фильмде тарихи шындықтың сақталғанына кепілдік берді.

Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен

Көркем шығарма болғаннан кейін, әрине, қиялдың қосылатын жерлері көп болады. Дегенмен біз фильмдегі әрбір сахнаның нақтылығына, деректілігіне, сол кездегі тарихи жағдайда сол кездегі болған тарихи шындыққа сүйеніп жасалғандығына біз кепілдік бере аламыз, – деді ол.

Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
Фильмдегі әр сахнаның деректілігіне кепілдік береміз – Ғалым Доскен
Өзгелердің жаңалығы