Филиппинде екі қазақстандық қалып қойған – СІМ

13 Қаңтар 2020, 17:27
1776
Бөлісу:
Филиппинде екі қазақстандық қалып қойған – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олар Манила әуежайы уақытша жабық болғандықтан ұша алмай отыр. 

Қазақстан азаматтары атылған вулкандардың салдарынан Филиппин астанасы Маниладан шыға алмай отыр. Қазіргі уақытта әуежай жабық. Біздің Джакартадағы елшіліктің қызметкерлерінің айтуынша, Филиппинде атылған вулкандардың салдарынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Қазір тек екі турист көмек сұрап хабарласқан. Олар Манила қаласынан ұшып кете алмай жатқанын жеткізді. Бізде бар мәліметтерге қарағанда, олар өздерінің әуе билеттерін ауыстырып, 15 қаңтарда басқа қалаға ұшып шығуын жоспарлап отыр. Қазір Манила қаласындағы әуежай жабық. Ешбір ұшақ ұшпайды, - деді Айбек Смадияров.
Бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында қазақстандық елшілік қызметкерінің қатысуымен орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашқаны және Мәскеуде жастардың арасында төбелес болып, Қазақстан азаматы ұсталғаны туралы айтты.

Қазақстанның Египеттегі елшілігінің қызметкері Еламан Жолдасовтың денесі туған ауылы Түркістан облысында жерленген. Оның Каирде қызметтік үйінің алдында табылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы