Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Филиппин президенті карантин тәртібін бұзғандарды атуға бұйрық берді

2 Сәуір 2020, 18:42
2013
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Филиппин президенті Родриго Дутерте полиция мен әскерилерге қарсылық танытқан коронавирус жұқтырғандарды орнында атып тастауға бұйрық берді. Бұл туралы centralasian.org хабарлады. 

Полиция мен әскерге менің бұйрығым: егер қандайда бір мәселе туындап, олар қарсылық танытып өмірлеріңіе қауіп төндірсе  тұрған жерінде атып тастаңдар. Бұл түсінікті ме? Атып өлтіріңдер, - деді Дуарте телеарна арқылы жасаған үндеуінде. 

Сондай-ақ, ол бұл карантинге жабылып, бірақ оның талаптарын орындағысы келмейтіндерге қатысты екенін түсіндіріп өтті.

Қазіргі уақытта ресми дерек бойынша Филиппинде коронавирустан 96 адам мерт болып, 2300-ден астам инфекция жұқтырған.  Алайда  тест құрылғыларының жетіспеушілігінен бұл деректер толқы болмауы мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы