ФИФА жылдың үздік футболшысын анықтады

18 Желтоқсан 2020, 14:02
2280
Бөлісу:
ФИФА жылдың үздік футболшысын анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы (ФИФА) польшалық Роберта Левандовскиді жылдың үздік ойыншысы деп таныды.

2020 жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі онлайн өтті.

Үміткерлер қатарында Германияның «Бавария» клбуының шабуылшысынан бөлек, осы сыйлықтың екі дүркін иегері португалиялық Криштиану Роналду («Ювентус») мен 2019 жылғы аргентиналық Лионель Месси («Барселона») болды.

Левандовски 2019/20  жылғы маусымда «Бавариямен» чемпионатта топ жарды. Сонымен қатар Германия кубогын жеңіп алып, УЕФА чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Өзі 55 гол соғып, әріптестеріне 10 нәтижелі пас берген.

Оның «Бавариямен» келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін жасалған. Қазіргі кезде трансферлік құны 60 миллион еуроға бағаланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Роберт Левандовски 2014 жылы «Баварияға» Дортмундттың «Боруссиясынан» еркін агент ретінде ауысып келген еді.

Өзгелердің жаңалығы