Онда адамдарды зорлықпен оқшаулап ұстайтын болады екен. Бұл жалған.
Желі қолданушыларының айтуынша, салынып жатқан лагерьлер адамдар өз еркінен тыс болатын түрмелерге ұқсайды. Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.
Бұл фейк. Қазақстанда мұндай ештеңе салынып жатқан жоқ, – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Желі қолданушылары COVID-19 жұқтырған науқастарына арналған лагерьлер туралы бұған дейін де айтып келген. Мұндай қауесеттер 2020 және 2021 жылдары таралды. Екі жағдайда да хабарламалар фейк болып шықты.