Ферроқорытпа зауытының тағы екі адамы есін жимастан қайтыс болды

25 Шілде 2024, 03:15
1102
Бөлісу:
Ферроқорытпа зауытының тағы екі адамы есін жимастан қайтыс болды

Қарағанды ауруханасында ферроқорытпа зауытындаағы апаттан күйіп қалған тағы екі адам қайтыс болды, Төрт науқастың жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарқынды реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін Қарағанды ферроқорытпа зауытының тағы екі қызметкерінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 1981 және 1987 жылы туылған науқастар есін жимастан қайтыс болды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін бар күш-жігеріп салып, күрескен болатын. Қаза тапқандардың жақын туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз, - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қаза болғандар – балқыту цехының механигі Адамчук Дмитро мен бас механик қызметінің шебері Төлеген Жетпісбаев.

Бұдан бұрын зауытта технолог болып жұмыс істеген 25 жастағы Ерұлан Қазкен қайтыс болған еді. Ал екі күн бұрын күйік салдарынан Музафар Исмаилов көз жұмған. Ол Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Үміткер ауылында жерленді.

Өзгелердің жаңалығы