YDD Corparation компаниясы Қарағандағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан көз жұмған азаматтың отбасына қолдау көрсепек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өкінішке қарай, жергілікті және шетелдік мамандардың кәсібилігіне қарамастан, біздің әріптесіміз, өз ісінің шебері, пеш бастығы Исмайлов Музафар Имантайұлы өмірден өтті. Ұжым Музафар Имантайұлының қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып, көңіл айтады, – деді компанияның баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда компания жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді.
Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады:
- Отбасын қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.
- Отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.
- Қызметкер мен оның жұбайының барлық несиелерін толық өтейді.