Фермерлер әулеті

Бүгiн, 18:25
117
Бөлісу:
Фермерлер әулеті
PHOTO
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Ақтөбелік Қасымовтар әулеті - өңірдің ауыл шаруашылығы саласына зор үлес қосып жүрген отбасы. Бүгінде ағайынды Нұрғазы, Нұрымғазы Қасымовтар ауылда егін егумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әулеттің үлкені Әлімжан Қасымов кеңес үкіметі кезінде Қарғалы ауданы Ленин колхозында тракторшы, бригадир болып еңбек еткен. Осы салада 53 жыл жұмыс істеген ол 2010 жылы өмірден өткен.

Фермерлер әулеті

Әкеміз тракторшы болып, ауданның ауыл шаруашылығы саласын көтеруге үлкен үлес қосса, анамыз Айман кезінде көп жыл сауыншы болды. Қазір әкеміздің жолын жалғастырып, інім Нұрымғазы екеуміз егін салумен айналысамыз. Біздің де бұл салада жүргенімізге 40 жылдай уақыт болды. Қазір Кемпірсай ауылдық округінде «Табыс» және «Нұр» атты шаруашылықтарымыз бар. Мұнда бидай, арпа, сондай-ақ мал азығын егеміз. Қарамағымызда онға жуық адам бар. Өзім бұл салаға 1979 жылы келдім. Мамандығым - агроном. 1994 жылға дейін колхозда тракторист, агроном болып жұмыс істедім, - дейді Нұрғазы Қасымов.

Фермерлер әулеті

Бүгінде қос қожалықтың 3100 гектар егістік жері, 15-ке жуық техникасы бар. Биыл ауданда егін жақсы шыққан. Шаруа арпадан гектарына - 19, бидайдан гектарына 12 центнерден өнім алған.

Фермерлер әулеті

Ауданда жем қабылдамайды. Сондықтан Ақтөбедегі «Жаңа әлжан» комбинатына жем тасып жатырмыз. «Камаз» жалдау құны 150-160 мың теңгеге шығады. Бұл өте қымбат. Сондай-ақ ауданда мал бағылмағандықтан, егістік жерлерімізді тапап тастайды. Былтыр 600 мың теңгеге зиян келтірді. Биыл жылқылар жерімізге түсіп, зиян келтіруде. Осы мәселелерді жергілікті органдар назарға алса екен, - дейді шаруа.

Фермерлер әулеті

Нұрғазы аға ауылда мамандар тапшы екенін, жастар егін егуге қызықпайтынын жеткізді. Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеген ел ағасы ұрпақтары да ата жолын жалғастырғанын қалайды.

Өзгелердің жаңалығы