Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің постдокторанты Әсия Ермұхамбетова «Табысты және бақытты қыздың заманауи бейнесі» атты әйелдердің онлайн форумында айтты.
Гендерлік теңдікке келетін болсақ, қазір қоғамда феминист еркектер көбейіп келеді. Олар өздерін олай атамаса да, теңдік үшін, әйелдердің бірдей құқылы болуы үшін атсалысады. Бала бағу мен үй шаруасына қатысуға көмектесуге тырысады. Бірақ біз ғылым саласын алатын болсақ, 50 пайыздан астамы әйелдерден тұрады. Ал ректор, декан немесе министр, департамент директоры деңгейінен қарағанда бұл пропорцияның бұзылғанын көреміз. Ол тек 30 пайызды ғана құрайды, - деді ол.
Ермұхамбетова атағандай, ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында да осындай кестеге тап болуға болады.
Демек ғылымдағы әйелдердің үлесі 50 пайызды құрайды. Бірақ шешім қабылдап, бюджет бөлер кезде гендерлік теңсіздікті көруге болады. Қазір ғылым саласында қыздар саны артып жатыр. Бұл қарқынның жалғасқанын қалаймыз. Себебі талант пен білім гендерлікке тәуелсіз. Ол әйел де, еркек те болуы мүмкін, - деді ол.
Әсия Ермұхамбетова атағандай, ғылымда әйелдердің болғанына қарамастан, лауазымды қызметте олардың саны неге аз екенін білу бойынша зерттеу жүргізу қажеттігін айтты.