Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Кейптаундағы футбол стадионында өткен швейцариялық Роджер Федерер мен испандық Рафаэль Надаль арасындағы көрме матчы келушілердің рекордын орнатты, деп хабарлайды France Presse.
2010 жылғы футболдан әлем чемпионаты өткен аренадағы ойынды 48 мыңға жуық көрермен тамашалады. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2019 жылы қарашада Мексикада тіркелген. Ол кезде Федерер мен неміс Александр Зверев арасындағы осындай арнайы көрсетілімге 42 517 көрермен жиналған.Бұл жолы Кейптаундағы матч үш сетке созылды. Роджер Федерер 6: 4, 3: 6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Кейптаунда жұптық матч та өтті. Онда Федерер мен американдық кәсіпкер Билл Гейтс және Надаль мен Оңтүстік Африка республикасының өкілі актер Тревор Ноудан 6: 3 есебімен басым түсті.