Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды

7 Ақпан 2020, 03:30
1279
Бөлісу:
Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 ақпанда Кортрейкте (Бельгия) Қазақстан мен Бельгия командаларының қатысуымен Федерация кубогының іріктеу кезеңі басталады, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

6 ақпанда жеребе тастау рәсімі өтіп, ойын кестесі анықталды.

Сонымен, Зарина Дияс әлемдік рейтингтің 19-шы сатысына жайғасқан Элиза Мертенспен ойнайды. Юлия Путинцева 115-ші орындағы Исалин Бонавентюремен кездеседі. 

Келесі күні, 8 ақпанда, теннисшілер қарсыластарымен алмасады.

Жұптық сында Ярослава Шведова/Анна Данилина және Кирстен Флипкинс/Гретие Миннен матч өткізеді.

Бельгия-Қазақстан матчының жеңімпазы сәуір айында Будапештте өтетін жаңа форматтағы финалдық кезеңге жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы