Федерация кубогы. Жамбы атудан жеңімпаз анықталды

4 Қазан 2021, 15:19
15386
Бөлісу:
Федерация кубогы. Жамбы атудан жеңімпаз анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығы Жамбы ату және Теңге ілу федерациясының кубогын ұйымдастырды.

Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет өткен жарысқа екі федерацияның ең таңдаулы спортшылары қатысты.

Үш күнге жалғасқан федерация кубогында еліміздің барлық өңірінен 24 спортшы өзара сұрмергенді анықтады.

Алғашқы екі күнде «корей стилі» мен «түркі стилінде» бақ сынаған мергендер кім мықты екенін анықтаған болатын. 

Ал бүгін соңғы сынақ – «қазақ стилінен» құралайды көзге атқан нағыз мергеннің кім екенін анықтады. 

Айта кетерлігі, федерация кубогы барысында жас ерекшелігі мен ер-әйел деп бөлінбей, қолына садақ ұстаған үміткердің барлығы бір талаппен ойын көрсетіп жатыр.

Сонымен, бұған дейін хабарлағанымыздай, «корей стилінде» алғашқы үштікке төмендегі спортшылар ілінді:

3-орын: Абзал Тулыбеков – 62,41 ұпай (Жамбыл облысы)

2-орын: Ералхан Айкөз – 64,02 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Бақдәулет Бабажан – 65,52 ұпай (Жамбыл облысы)

Ал «түркі стилі» бойынша жеңімпаз болғандар:

3-орын: Ералхан Айкөз – 61,18 ұпай (Түркістан облысы)

2-орын: Айтбек Сарыбай – 62,23 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Бақдәулет Бабажан – 70,85 ұпай (Жамбыл облысы).

Мергендер бүгін «қазақ стилінен» өзара мықтыны анықтады. Өздеріңіз байқағандай, алғашқы екі стильде де үздік нәтиже көрсеткен Жамбыл облысының «Адақ мергені» Бақдәулет Бабажан үшінші айналымда қателік жіберді. Дегенмен, алғашқы екі сайыстың нәтижесі Бақдәулеттің бағын жандырып, жалпы ұпай саны бойынша ІІІ орынға тұрақтады. 

Ал «қазақ стилінде» жеңіс тұғырынан көрінгендер:

3-орын: Диас Ахметов – 25,9 ұпай (Нұр-Сұлтан)

2-орын: Ералхан Айкөз – 34,88 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Айтбек Сарыбай – 37,33 ұпай (Түркістан облысы).

Федерация кубогы бойынша үш жеңімпаз анықталды. Негізі сайыс тағдырын, жеңімпаздың кім болатынын осы соңғы – «қазақ стилі» шешеді. Себебі басқа екі стильде нысана қозғалыссыз тұрса, «қазақ стилінде» жамбы желге тербеліп тұрады. Сол себепті де оған мергеннің мергені ғана тигізе алады. Алғашқы екі стильде жақсы өнер көрсеткен Бақдәулет Бабажанның «қазақ стилінен» сүрінуінің бір сыры осында.

Сонымен, Жамбы ату федерациясының кубогында жеңіске жеткендер:

3-орын: Бақдәулет Бабажан – 136,37 ұпай (Жамбыл облысы)

2-орын: Ералхан Айкөз – 160,08 ұпай (Түркістан облысы)

1-орын: Айтбек Сарыбай – 161,35 ұпай (Түркістан облысы)

Алда Теңге ілу федерациясының нәтижелерін беретін боламыз.

Өзгелердің жаңалығы