Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
Айтуынша, фармацевтика өнеркәсібі ғылымды аса қажет ететін әлемдік экономиканың стратегиялық маңызды саласына жатады. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететіні бәрімізге белгілі.
Әлемдік фарминдустрияның бенчмаркингі фармацевтиканың орташа жылдық өсу қарқынының оң үрдісін көрсетеді. Соңғы жылдары онкологияға, диабетке және ревматизмге қарсы препараттар өндірісінің айтарлықтай өсуі байқалады және жылына 12%-ды құрайды. Ғылыми зерттеулерге салынатын инвестициялардың көлеміде өсуде, яғни жыл сайын жаһандық нарыққа 30-ға жуық жаңа молекула шығады. Мемлекет басшысы біздің алдымызға 2025 жылға дейін отандық өндірістің үлесін фармацевтикалық нарықта 50%-ға дейін жеткізу міндетін қойды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сондай-ақ ол алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін фармацевтика өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары бекітілгенін айтты.
Кешенді жоспарды іске асыру үшін барлық шараларын шоғырландыру оң әсер береді. Сондай-ақ тегін медициналық кепілдік берген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде жоспарлау жүйесін жетілдіруге себеп болды. Әлемдік практика негізінде өтемақы және қолдау шараларын енгізуге, технологиялар трансферті және дербес ғылыми және клиникалық зерттеулер арқылы инновацияларды дамытуға жол ашты. Ел аумағында өндірісті оқшаулау үшін Big Pharma-ны тартуға, отандық тауар өндірушілерді оқшаулау деңгейін және жергілікті қамту үлесін арттыруға мүмкіндік берді, - деді министр.
Алайда жаңа даму деңгейіне шығу қажеттілігі, тәуекелдер мен жаңа әлемдік трендтерді ескере отырып, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің жоспарлары мен мүддесін назарға алынып, кешенді жоспардың жаңартылған нұсқасы әзірленген.