Фармацевтика, перинаталдық орталық. Медицина саласындағы мәселелер қалай шешіліп жатыр

20 Желтоқсан 2023, 11:35
574
Бөлісу:
Фармацевтика, перинаталдық орталық.  Медицина саласындағы мәселелер қалай шешіліп жатыр
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау саласы бойынша 2023 жылы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Мемлекет басшысы тапсырмасымен елімізде 78 денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде – 47, сондай – ақ 80 нысан жөнделді.

Бүгінде медициналық нысандарға тапшылықты жою үшін 12 жаңа перинаталдық орталы құрлысы жоспарланып отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде елімізде 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Парламент Сенаты қабырғасында Денсаулық сақтау саласы бойынша, мемлекеттердің дәрілік заттардың ортақ нарығын іске қосу және толыққанды жұмыс істеуі үшін екі хаттама ратификацияланды, - деді ол.

Фармацевтикалық компаниялармен оффтейк-келісімшарттар жасасу тетігін бекіту үшін отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарды 3 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жөнінде нормалар енгізілді.

Сондай-ақ, биыл қыркүйек айында Премьер-министр атына депутаттық сауал жолданып, медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттіктік білім беру тапсырысының құны ұлғайтылды.

Парламент Сенаты Республикалық бюджетті қарау барысында клиникалық хаттамаларды сараптау және әзірлеуге қосымша қаражат қарастырды. Денсаулық сақтау саласында бюджетті тиімді пайдалану мақсатында, сатып алуға қарастырылған соммалардың артық шығындары қайта есептелді. Алдағы уақытта Парламент жұмысы барысында Денсаулық сақтау саласындағы түйіткіл мәселелерді одан әрі көтеріп, ұлт саулығының артуына жұмысымызды жалғастырамыз, - деді Ақмарал Әлназарова.

Өзгелердің жаңалығы