Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Орталықтың қызметі ЮНЕСКО-ның жастар арасында ғылымды ілгерлетуге, тұрақты дамуды жетілдіруге қажет білім мен дағдыларды ынталандыруға септігін тигізеді.
Бұл туралы ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат ұлы ойшылдың 1150 жылдық мерейтойына арналған жиында айтты.
Жиын барысында ол әл-Фараби өз өмірін ғылымға арнай отырып білім, өнер, астраномия, математика және философия сияқты түрлі салаларда көптеген еңбектер қалдырғанын айтып өтті.
Ұлы ғалымның даналық ой-пікірлері мен рухани дәйексөздері негізінде адамды тұлға ретінде тәрбиелеп және шынайы адами құндылықтарды нығайтуға болады. Ұлы ұстаздың даналығы бүгінгі күні де өзекті мәнге ие болып отыр. Ғалымның аты университетке, оқытушылар мен студенттерге арнайы мәртебе береді. Сол себепті де университет мерейтойлық іс-шараларды орындаудың негізгі ұйымдастырушысы болып бекітілді. Сондықтан университет ұжымы мен студенттерді алғашқы іс-шараның ашылу салтанатымен және әл-Фараби орталығының ашылуымен құттықтаймын,-деді ол.
Сондай-ақ ол Қазақ Ұлтытқ университеті қабырғасынан ашылған әл-Фарабидің жаңа орталығын құру және оның жұмысы БҰҰ мен ЮНЕСКО үшін үлкен маңызға ие екеін жеткізді.
Орталықтың қызметі ЮНЕСКО-ның жастар арасында ғылымды ілгерлетуге, тұрақты дамуды жетілдіруге қажет білім мен дағдыларды ынталандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар әлем мәдениетін дамытуда және зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет етуде, мәдени құндылықтарды тануға көмек бере алады,-деді Криста Пиккат.