Фараби-1150. Халықаралық онлайн конференция өтті

23 Сәуір 2020, 10:54
2767
Бөлісу:
Фараби-1150. Халықаралық онлайн конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шығыс ғалымы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған "Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман" тақырыбындағы халықаралық онлайн конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің бай шығармашылық және ғылыми мұрасына халықтың және жұртшылықтың назарын аудару, ғылыми мұрасын зерттеу, ғалымның ғылыми материалдары бойынша бірыңғай деректер базасын құру болды.

Конференция барысында Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми трактаттарының негізгі принциптерін талқыланып, ғылыми жұмыстарын зерттеу бойынша ғылыми жұмыстардың бірыңғай дерекқорын құру және оның шығармаларын насихаттау сөз болды. Іс шараның модераторы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұналбаева болды.

2019 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы өтуі тиіс ауқымды шараға байланысты әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойған болатын. Осыған орай бүгінгі іс шараның өтуіне қолдау көрсетіп отырған ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне зор алғысымды білдіргім келеді – деді ол.

Ұлттық академиялық кітапханасы қорында Әбу-Насыр әл-Фарабидың бірнеше кітаптары бар. Мәселен, "Он томдық шығармалар жинағы", "Адам және заман", "Қайырымды қала", "Таңдамалы трактаттары", "Музыка туралы үлкен кітап" және т.б. кітаптарды электронды түрде де оқуға болады. Сонымен қатар, мерзімді басылымдарда шыққан ғалымның еңбектері туралы мақалаларды оқуға болады.

Сіздер Италиядағы, әсіресе Миландағы жағдайды өте жақсы білесіздер. Мен сіздерге келгім келген еді, әрине құр қол емес Әл-Фараби туралы өте ескі қолжазбаны алып барғым келген. Естеріңізде болса ол қолжазбаны сіздер жазда Амброзианеда көрдіңіздер. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Миланға келген кезде Италияның министрімен кездесіп, Құранның түпнұсқасын көрген. Осы пандемия біте салысымен мен Әл-Фарабидің қолжазбасын сіздерге алып барамын деп уәде беремін. Орта ғасырдағы ұлы мұсылман медицинасы жөнінде айтқым келіп отыр, бұл менің соңғы зерттеу жұмысым. Әл-Фарабидың саясат, философия және тағы басқа салалары аймағында ұлы ғалым болғаны бәрімізге белгілі. Бүкіл әлемді коронавирус жайлаған кезде әл-Фарабидің және басқада ғалымдардың медицина саласы үшін жасаған еңбектерін айта кеткім келеді. Біз Авиценна деп танитын Ибн Сина, әл-Фарабиге өзінің ұстазы ретінде қараған. Орта Азия медицинасы туралы қысқа және маңызды ақпарат беру бүгін өте маңызды. Мен әл-Фарабидің еңбек жолы туралы мен бұдан да көп ақпарат беруіме болады. Осы орайде, мен сіздерге келген кезде әл-Фараби жайында көптеген мәліметтер беремін деп сөз берем. Амброзианада көптеген араб құжаттары мен қолжазбалары бар, соның ішінде әл-Фарабидің қолжазбасы. Әлемдегі жайт орныққан соң бізге келіп әл-Фарабидің «Аль Музик» түп нұсқа қолжазбасын көрулеріңізге болады – деді италиялық ғылым докторы, Амброзиане академиясының профессоры Эдуардо Канетта,

Сонымен қатар онлайн конференцияға Әл-Фараби орталығынң директоры, философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің доценті Бекжан Мейрбаев, Шығыстану факультетінің деканы, Философия ғылымдарының докторы Ықтияр Палтөре, Қазақстанның Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының ғылыми қызметкері Әміреқұл Әбуов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, саяси.ғ.к., Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафердрасының меңгерушісі Пірімбек Сүлейменов т.б. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Италия, Сирия және т.б. елдерден қатысты.

Өзгелердің жаңалығы