Falcon 9 соңғы екі күнде үш рет көкке көтерілді

19 Маусым 2022, 18:44
1139
Бөлісу:
Falcon 9 соңғы екі күнде үш рет көкке көтерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Space X компаниясы тағы зымыран тасығышын ұшырды. 

Бұл Falcon 9 зымыранының соңғы 36 сағатта үшінші рет көкке көтерілуі, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл жолы Space X зымырантасығышы орбитаға «Глобалстар» байланыс жерсерігін алып шықты. 

Ол 10 жыл бұрын ұшырылған ғарыш аппараттарына қосылуы тиіс. Жаңа жерсерік ұялы телефон мен төмен жылдамдықтағы мәліметтерді берумен айналысады.

Өзгелердің жаңалығы