Шылым шегу – денсаулыққа зиянды! Бұл жолы біз қыздырылатын табак пен кәдімгі темекінің ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы айтамыз, деп жазады BAQ.KZ.
Ал енді толығырақ айтайық:
Ағзаға негізгі зиянды никотин емес, темекі жанған кезде түзілетін канцерогенді заттар келтіретіні белгілі болған сәттен бастап, немен күресу мәселесі айқындалды. Яғни залал темекі түтінінен туындайды. Жоғары температура жануда химиялық реакциялар жүзеге асады, осының барысында мыңдаған түрлі қосылыстар орын алады, олардың саны, кем дегенде – 69 қауіпті канцероген. Түтінмен бірге олар темекі шегушінің ағзасына енеді және бірнеше ауыр, жұқпалы емес аурулардың даму қаупін арттырады. Темекіні қыздыру жүйелерімен және олармен қолданылатын стиктерге қатысты негізгі ұғым, ол – олардың жануға емес, қыздыруға арналғанында.
Стиктер темекі емес, ал олардың кәдімгі темекіден айырмашылығы жанбай қолданылуында. Жану процесінің болмауына байланысты олар дәстүрлі темекіге қарағанда, 95 пайызға аз зиянды қосылыстарды түзеді. Мұны АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) бірқатар зерттеулердің нәтижесінде растады, ұйым қыздырылатын темекі бұйымдарын «зияны төмендетілген» өнім ретінде нарыққа шығуына ұйғарды. Әлемнің бірнеше елдерінің тәжірибесі қыздырылатын темекі бұйымдары шылым шегушілерді темекі тартуға қайта итермелемей, керісінше зиянды төмендетуге сілтейтінін көрсетеді.
Осы ретте Жапония үкіметі түтінсіз, жаңа өнімдерді қолдап, оларды дәстүрлі темекіден түбегейлі өзгеше заң жүзінде реттей бастады. Бүгінгі таңда Жапония – әлем бойынша қыздырылатын темекі өнімдерін тұтыну ең жоғары таралған ел, осының нәтижесі – темекі шегушілердің қыздырылатын темекіге жаппай ауысуы. Бұл жағдай небәрі үш жыл ішінде, дәлірек айтқанда 2019 жылға дейін уақытта елде темекі шегушілердің саны 30 пайызға төмендеуіне әкеп соқты. 2020 және 2021 жылдардағы COVID-19 пандемиясына байланысты Жапонияда Денсаулық пен тамақтанудың ұлттық зерттеуі жүргізілмеді, бірақ сауалнама деректері күншығыс елінде темекі шегу таралуының айтарлықтай төмендегенін көрсетті, сонымен бірге алтернативті өнімдерді тұтыну үрдісінің арта түскендігін байқатты.
Ал, Ұлыбританияда Денсаулық сақтау министрлігі темекі мен түтінсіз өнімдерді әртүрлі әдістермен реттеп қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық ақпараттық науқанды да жүргізді. Оның мақсаты –адамдарды шылым тартудан зиянды азайтуға және дәстүрлі темекіден электронды құрылғыларға көшуге ынталандыру. Осы саясаттың арқасында, темекі шегушілер саны 14,7 пайызға дейін төмендеген. Ал АҚШ-тағы Пенсильвания штатының Темекі және денсаулықты зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, электронды темекі мен қыздырылатын темекі бұйымдары америкалықтардың әдеттегі шылымнан бас тартуында үлкен рөл атқарады. Мысалы, соңғы бірнеше жылда елде дәстүрлі темекі сатылымы 48 пайызға төмендеді.
Сарапшылар не дейді?
Темекі қыздыру жүйелеріне арналған стиктер кәдімгі темекі қатарына кірмейді. Олардың құрамында табак бар, оларды жандыруға емес, қыздыруға арналған. Бұрын дәстүрлі темекі шеккен адамдар толығымен қыздырылатын темекі бұйымдарына ауысуда. FDA мұндай алмасу темекі шегумен байланыстырылатын бірнеше өлім себептерінің қаупін айтарлықтай төмендетеді деп шешті. Ал, темекіні қыздыру жүйелерін пайдаланушылардың шылымға қайта оралуы некен-саяқ екенін растайтын нақты дәлелдер бар. Осы ретте мен никотинді алудың баламалы түрін үнемі қолданысқа енгізу денсаулыққа қауіпті сейілтетінене назар аударар едім. Никотин қатерлі ісік немесе денсаулыққа ауыр зардаптарды тудырмайды. Ағзаға зиянды шайыр мен жану кезінде пайда болатын өнімдер тигізеді – дейді Темекі түтінінен бос, бейбіт әлем үшін қорының президенті, доктор Дерек Яч.