Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook өзіне тиесілі өнімдер мен сервистерге арналған жаңа корпоративтік логотипін ұсынды, деп жазады 7kun.kz.
Facebook-тің маркетинг жөніндегі директоры Антонио Лучио түсіндіргендей, өзгеріс қолданушыларға Facebook қосымшасын компаниядан және оны құратын басқа өнімдерден нақты ажыратуға көмектеседі. Жаңа логотип — қарапайым шрифтпен бас әріптермен жазылған "Facebook" сөзі.
Айта кетейік, әлеуметтік желі бұрынғы логотипін сақтайды.
Маусым айында компания өзінің барлық қосымшаларына "from Facebook" деген жазуды қосты.
Алдағы аптада компания өнімдер атауларында және маркетингтік материалдарда, сондай-ақ жаңа корпоративтік сайтта жаңа логотипін пайдалана бастайды.
Адамдар өздері пайдаланатын өнімдерді қай компаниялар жасап жатқанын білуі керек. Біздің негізгі қызметтерімізге Facebook, Messenger, Instagram, WhatsApp, Oculus, Workplace, Portal және Calibra кіреді. Бұл қосымшалар мен технологиялар жылдар бойы ортақ инфрақұрылыммен бөлісіп келеді және олардың командалары жиі бірге жұмыс істейді, — дейді Лусио.