Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Фейсбук компьютерді оймен басқару жобасын қолға алды. Компания осындай технологияны дамытумен айналысатын стартапты сатып алды, деп хабарлады Хабар24.
Оқи отырыңыз:
"Айтап айтсақ, мұндай "девайстың" иесі компьютерде мәтінді пернетақтасыз тере алады. Оған тек теру имитацясын жасап, үстелдің үстін қолымен тықылдатса жеткілікті болады. Сарапшы мамандардың пікірінше, бұл технология болашақта смартфондарға да жүктеліп, виртуалды көзілдірікпен бірге қолданылатын болады. Осындай көзілдірікпен телефоны немесе браслеты бар адам компьютерді пернетақта мен тінтуірсіз басқара алады", - делінген таратылған ақпаратта.