Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2021 жылдың аяғында коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты әлемдік экономикаға келтірілген жалпы шығын 7 трлн долларға жетеді, дейді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас экономисі Лоранс Бун.
2021 жылға деген болжамды өзгерткен жоқпыз. Әлемдік экономика, болжау бойынша, тез қалпына келмейді. Біз вируспен әлі бірнеше ай өмір сүруіміз керек, - деді Бун.
Сарапшының айтуынша, 2021 жылдың аяғында пандемияға байланысты әлемдік ЖІӨ шамамен 7 трлн долларды жоғалтады, бұл - айтарлықтай үлкен соққы.
Les Echos хабарлағандай, ЭЫДҰ оң сценарий бойынша әлемдік ЖІӨ 2020 жылы бұрын болжанғандай 6% емес, 4,5%-ға төмендейтінін айтты.
Ұйым шектеу шараларын жеңілдетіп, кәсіпорындардың алғашқы қайта жандануынан кейін әлемдегі өндіріс көлемі тез өсті, бірақ «жаз айларында жаһандық қалпына келтіру қарқыны біршама баяулады» деп мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың екінші тоқсанында G20 елдерінің нақты ЖІӨ-сі 6,9% - ға төмендеді.