Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

20 Ақпан 2019, 15:26
5917
Бөлісу:
Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар
PHOTO

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Иран арасында 500 тонна сиыр етін экспорттау бойынша келісімшарт жасалған. Осы келісім негізінде Қазақстаннан Иранға жөнелтілетін еттің алғашқы партиясы дайындалып жатыр.

Ет экспортымен айналысып жатқан негізгі компаниялардың қатарында Ақмола облысына қарасты «Астана Агропродукт» ЖШС, Ақтөбе облысына қарасты «Актеп» ЖШС, Алматы облысындағы «Арқарлы Майбөрек» ЖШС, т.б. қатарлы ірі ет өндірушілері бар.

Қазақстан-Иран келісімі бойынша ет дайындап жатқан «Астана Агропродукт» ЖШС-не БАҚ өкілдері арнайы барды.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Иранға сатылатын еттің алғашқы партиясы, яғни 42 тонна ет үшін мынадай бұқалардың 120-сы сойылады. Бұқалар ет комбинатына арнайы жеткізілген. Бұл жерде жемдеу орны жоқ. Ал «Астана Агропродукт» ЖШС-ның бордақы алаңы комбинат орналасқан Сабындыдан 40 шақырым жерде.

Мал сою орнына кірмес бұрын Иран елінің талаптары туралы қысқаша тоқтала кетейін:

Әуелгі талап сойылар малға арнайы бата жасалуы керек. 120 басқа бір бата емес, 120-сына 120 бата жасалып, мұсылмандық ғұрыппен сойылуы керек. Екіншіден, сойылатын сиыр үш жасқа толған, нақтырақ айтсақ, туғанына 36 ай толған бұқа болуы керек. Осы жерде құнан шығар өгіз не құнажын емес, пішілмеген бұқа болуы ерекше айтылған екен. Тағы бірнеше талабы бар, әңгіме желісімен оны да айта отырамыз.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Біз барған кезде пышағын жалаңдатқан  жігіттер үш бұқаны жығып үлгеріпті.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Сою алаңына кірерден бұрын бізге мынадай халат, бас киім, қолғап сияқты уақ-түйектер берді. Барлығымыз да ота бөлмесіне кіретін дәрігердей болып шықтық.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Жоғарыда айтқанымыздай, сыртта тұрған бұқаларды бір-бірлеп кіргізіп, батасын жасап, мына аппаратқа салып, «аллакпырын» айтып бауыздайды.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Екі жігіт жаны шыққан, қаны сорғыған денені бір пұшпағынан аспаға асады да, төрт сирағын кесіп, өңешін буып, төрт пұшпағын шығарып береді.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Тағы екі жігіт салақтап тұрған денеден терісін сыпырып, басын бөлек алады да, ішек-қарын алатын қасапшыға жылжытады.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Ішек-қарынын арнайы науаға аударып берген ет тоңазытқышқа жолданады.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Тоңазытқышта 18-20 градус суықта 1 тәулік тұрған етті бөлшектеп, ет сылу бөліміне жібереді.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Бұл жерде екі жігіт етті сүйектен ажыратады. Етті сүйектен сылып алу – Иран тарапының талабы. Себебі Қазақстаннан сонау Иранға ешкім сүйек артып жүрмесі белгілі. Сондықтан да олар таза сұрпы ет қана алады.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

«5-6 жылдан бері осында қызмет істеймін. Бір сиырдың етін сүйегінен ажыратуға 40-50 минут кетеді. Әрине, көлеміне қарай. Кейде атан өгіздердің етін ажыратуға бір сағаттан артық жұмсаймыз. Бір сиырдан 200-ден 430 кг-ға дейін таза ет шығады. Оның өзі сиырдың салмағына байланысты» - дейді Дархан есімді қасапшы.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Екі жігіттің сүйектен сылып алған етін бір қызметкер сұрыптайды. Яғни жоғары сорт және біріншы сорт, екінші сорт деп сорттайды.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Айтпақшы, майын да бөлек алады екен. Етті сорттау және майынан ажырату да Иран тарапының талабы.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Етінен ажыраған сүйектер көбінде қоқысқа тасталады. Дегенмен ит асырайтындар осы жерден келіп сүйек-саяқ алып кетіп тұрады екен.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Майынан ажыратылып, сортталған ет, мына жерде вакуумдалады. Жоғарғы сорт пен бірінші сорт Иранға жіберілсе, екінші сорттың етіне аздап ішмай қосып, мынадай фарш жасайды.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

«Фарш өзіміздің елде сатылымға шығарылады. Ал вакуумдалған сұрпы етті шетелге шығарады. Осы жерде жұмыс істегеніме 9 жылдай болды. Күніне мынадай вакумдалған фарштан 300-350 дана шығарамыз» - дейді Баян есімді қызметкер.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Вакуумдалып, салмағы өлшенген етке мынадай тауарлық белгі жапсырылады. Ары қарай сатуға дайын.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Енді әңгіменің ресми бөліміне қарай көшейік.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

«Астана Агропродукт» ЖШС-де 120-ға жуық жұмысшы бар. Сабынды ауылынан келіп-кетіп жұмыс істейді. ЖШС «Халал» сертификатын алған. Иран тарапымен жұмыс істеп отырғанының бір мәнісі сонда.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Айтпақшы, Иранның неге Қазақстаннан ет тасуға мүдделі болып отырғанын Сейт Чахир есімді азамат қазақ даласындағы еттің дәмділігімен түсіндірді.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

«Иран өмір бойы Қазақстаннан ет тасуға дайын. Себебі Қазақстанда ет өте дәмді. Мен де Қазақстанда өмірге келгенмін. Тек осы екі ел арасындағы ет экспортына дәнекер болып жүрмін. Қанша мүмкін болса сонша ет алуға дайын» - дейді Сейт Чахир.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

Қазақстан бұған дейін Әзербайжан, Армения, Германия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, БАӘ, Түркия, Өзбекстан, т.б. қатарлы елдерге ет экспорттап келген болатын.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

«Қазақстан мен Иран ветеринарлық қызметтері 2018 жылы вакуумдық пакеттегі  мұздатылған және салқындатылған сиыр етінің ветеринарлық сертификатын бекітті. Бүгінгі ет экспорты соның негізінде жүзеге асып отыр» - дейді ҚР АШМ – ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Әбілқасымова.

Профессионалдар. Халал хикая. Қасапшылар

500 тонна еттің тоннасы қанша теңгемен бағаланып жатқаны айтылған жоқ. Қазақстан биыл 30 мың тонна сиыр етін экспорттауды жоспарлап отыр.

Ержан Жаубай, фото - автордыкі

Өзгелердің жаңалығы