Евгений Федоров Әлем чемпионы атанды

23 Қыркүйек 2022, 13:38
976
Бөлісу:
Евгений Федоров Әлем чемпионы атанды

Аустралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатындағы Вуллонгонг қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кazsports.kz сайтының мәліметінше, 170 шақырымға созылған топтық жарыста отандасымыз Евгений Федоров жеңіске жетті. 

Айта кетейік, осыған дейін 23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасында 2012 жылы Алексей Луценко әлем чемпионы атанған. Евгений Федоров – Қазақстаннан шыққан 2-жеңімпаз.

Аустралиядағы Әлем чемпионаты 25 қыркүйекте аяқталады.

Өзгелердің жаңалығы