ЕҰУ-да ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

30 Наурыз 2022, 21:43
2960
Бөлісу:
ЕҰУ-да ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Мемлекеттік рәміздер және ұлттық архитектура» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырды. 

Іс-шара ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі, ЕҰУ профессоры Жандарбек Мәлібекұлының 80 жылдық мерейтойына орайластырылды.

Конференция жұмысына мемлекет қайраткерлері, мемлекеттік аппарат пен дипломатиялық корпустың өкілдері, Қазақстан,Түркия, Өзбекстанның академиялық, ғылыми және сараптамалық қоғамдастығы, қоғамдық қорлардың өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері қатысты.

ЕҰУ-да ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Пленарлық отырысты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы ашты. Академик бүгінгі конференция  жастардың бойында патриотизмді дамытып, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне терең құрметпен қарауды және оның мәні мен маңыздылығын атап өтті. 

Мемлекеттік Елтаңба елдің тарихын, халықтың бірлігі мен ұлттық құндылықтарын бейнелейді. Бүгінгі конференцияның негізгі мақсаты – болашақ ұрпаққа тарих пен мемлекеттің басты атрибуттарына деген құрмет сезімін ояту. Біздің іс-шараға қатысушылар Елтаңба авторларының бірі, ЕҰУ профессоры Жандарбек Мәлібекұлымен сұхбаттасып, пікір алмасудың бірегей мүмкіндігіне ие. Бүгін оның «Oitek» ғылыми шеберханасы таныстырылды. Ұсынылған сәулет жобаларында ұлттық элементтер бар екенін атап өткім келеді. Жандарбек Мәлібекұлы «Oitek» архитектуралық жобасының арқасында қалалар мен өңірлік орталықтардың сәулеті ұлттық нақышқа ие болады деп үміттенемін, - деп атап өтті академик.

Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы өзінің құттықтау сөзінде Жандарбек Мәлібекұлын мерейлі жасымен құттықтап, оның ел дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.

Сіздің атыңыз Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылған. Біз Қазақстанның Елтаңбасы әлемдегі ең әдемі елтаңбалардың бірі деп мақтанышпен айтамыз, - деді депутат.

ЕҰУ-да ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың құттықтау хатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанарбек Әшімжан жеткізді.

Ерлан Жақанұлы құттықтау хатында Жандарбек Мәлібекұлының ел тәуелсіздігін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтіп, ғалым еңбектерін ұлттың алтын қорында сақтаулы тұрған құнды рухани мұрамен салыстырды.

ЕҰУ-да ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлегі, «АМАНАТ» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов өз сөзінде Жандарбек Мәлібекұлы көрнекті ғалым, өзінің фирмалық стилімен танымал қазақстандық сәулетші болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет рәміздері – оның дүниетанымы, философиясы мен қағидаттары. Сіз елтаңбада халқымыздың дәстүрлерін, тарихын, мәдениеті мен ұлттық мүдделерін жеткізе алдыңыз,-деді ол.

ЕҰУ-да ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Керімбек өз баяндамасында мемлекеттік рәміздер – бұл саяси жүйе мен мәдениеттің біріктіруші және өте маңызды элементі екенін атай келіп:

Жандарбек Мәлібековті еліміздің аға және жас ұрпағы ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы ретінде ғана емес, ұлттық идеологияның сәулетшісі ретінде де біледі, - деді ол.

Іс-шара аясында ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, ЕҰУ сәулет кафедрасының профессоры Жандарбек Мәлібекұлының және студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылып, қазақстандық және шетелдік сәулетшілердің қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер және ұлттық архитектура» атты дөңгелек үстел өтті.

Өзгелердің жаңалығы