Еуропарламент депутаттары Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейенге сенімсіздік вотумын қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Дауыс беруге румыниялық әсіре оңшыл Еуропарламент депутаты Георге Пипереа 3 шілдеде бастамашы болды. Бүгін, 10 шілдеде Страсбургте саясаткерлер дауыс берді. Еуропарламенттің 360 депутаты қарарға қарсы, 175-і қолдап, 18-і қалыс қалды.
Сенімсіздік білдіру және Еурокомиссия басшысын қызметінен босату үшін көпшілік дауыстың үштен екісі қажет болды, бірақ Еуропарламент депутаттарының айтарлықтай көп бөлігі қызметтен босатуын қолдамады. Дауыс беруден кейін Еуропарламент сенімсіздік вотумын қабылдамады. Фон дер Лейеннің өзі дауыс беру кезінде жиналысқа қатысқан жоқ.
Дауыс беруге негізгі үш айыптау себеп болды. Олардың біріншісі ЕК басшысы мен Pfizer фармацевтикалық компаниясының бас директоры Альберт Бурла арасында COVID-19 вакциналары бойынша келіссөздер барысында алмасылған мәтіндік хабарламаларға қатысты. Басқа тармақтарға Ковидтен кейінгі қалпына келтіруге бөлінген қаражатты теріс пайдалану және Еуропалық комиссияның үкіметтік емес ұйымдарды Еуропарламент депутаттарын лоббирлеу үшін қаржыландыру арқылы өзінің жасыл саясатын ілгерілету әрекеті жатады, Комиссия оны жоққа шығарады.