Еуропарламент Қазақстан билігін басталған саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруға шақырады

17 Қаңтар 2024, 19:40
416
Бөлісу:
Еуропарламент Қазақстан билігін басталған саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруға шақырады
PHOTO
Фото: Айгүл Құспанның әлеуметтік парақшасынан

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сырым өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Еуропалық парламент «Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша Стратегиясы: серіктестікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктері» атты қарарын қабылдауға дауыс берді. Қарар Еуропалық Парламенттің жоспарлы құжаты болып табылады, оның шеңберінде заңшығарушылар ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын іске асыруға байланысты өз бағаларын берді. Осы мақсатта еуродепутаттар Қазақстанға және өңірдің басқа елдеріне бірнеше рет барды. Орталық Азияның ресми өкілдері мен азаматтық секторының пікірі ескерілді, - дейді Айдос Сырым.

Өткен жылдардағы ұқсас құжаттармен салыстырғанда, 2024 жылғы Орталық Азия бойынша ЕО қарары өзінің сипатымен ерекшеленеді.

Мұнда алғаш рет Орталық Азия келесідей өңір ретінде қарастырылады: 1) өзінің өңірлік бірегейлігін – қазіргі заманғы халықаралық және өңірлік қатынастардың жекелеген мәселелері бойынша тәуелсіз ұстанымдарын ойдағыдай қалыптастырған; 2) саудада, инвестицияларда, бизнесте және инновацияларда өңірлік мүмкіндіктерді біріктірген. Еуропалық парламент Еуропалық Одақ пен Орталық Азия үшін жаһандық және өңірлік сын-қатерлер мен қауіптердің ұқсастығын мойындайды, бұл ұзақ мерзімді, құрылымдық және өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Осыған байланысты Еуропаның заң шығарушы органы Еуропалық Одақты «геостратегиялық маңыздылығын» ескере отырып, Орталық Азиямен өзара іс-қимылды жандандыруға және саясат пен экономика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы Орталық Азия мемлекеттерімен стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге шақырады. Еуропалық Одақтың Орталық Азия мемлекеттерімен өзара іс-қимылының қажеттілігіне қатысты Еуропалық парламентшілердің үндеуін тек қана құптауға болады,- дейді ол.

Сонымен бірге ол, біз «саяси қудалау» және «саяси тұтқындар» деп аталатын мәселе бойынша келіспейтініміз анық деген ойын да жеткізді.

Қазақстан заңнамасында оған сәйкес еліміздің азаматтары қандай да бір саяси көзқарастары үшін қудаланатын бірде-бір жарлық, бірде-бір заң және нормативтік құжат жоқ. Елде Конституциямен цензураға тыйым салынады.
Керісінше, реформалар адам құқықтарын қорғау жүйесін, ой білдіру мен жиналыс бостандығын нығайтты. Парламент белсенді саяси пікірталастар мен халқымыз үшін маңызды мәселелер бойынша полярлық пікір білдіру алаңына айналуда. Заң Үстемдігі қағидаты - сот жүйесінің тәуелсіздігі мен кәсібилігі дәйекті түрде нығайтылуда.
Қазақстанның алдында тұрған басты міндет-Заң Үстемдігі мәдениетін нығайту. Заң мен тәртіптің диктатурасы Заңның барлығына бірдей қолданылуын қамтамасыз ету керек – ешкім бұдан тыс қалмауы керек,  - дейді Айдос Сырым.

 Оның айтуынша, Қазақстан осыған ұмтылады және осы бағытта күн сайын жұмыс істейді.

Заңның кез келген бұзылуы жазаланады. Адамдардың саяси көзқарастары мен идеологиялық қалауларының заң мен құқықтық тәртіпке ешқандай қатысы жоқ. Еуропалық Парламенттің қарарында аталған барлық адамдар заңды бұзды және бұл үшін сот шешімімен жауап береді. 
Конституциялық құрылымды құлатуға және билікті күштеп өзгертуге, экстремистік қызметті қоздыру мен қаржыландыруға – бір сөзбен айтқанда, конституциялық тәртіпті бұзуға шақыру - Батыс елдерінің заңнамасында қатаң түрде қудаланады.
Америка Құрама Штаттарында (заңдар кодексі б.18, § 2383) мұндай құқық бұзушылықтар үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға болады. Осыған ұқсас жазалар Еуропада, соның ішінде Германия мен Францияда да қолданылады.
Жекелеген еуродепутаттардың қос стандарттары бізге бұрыннан белгілі және тұтастай алғанда, еуропалық заң шығарушы органда қалыптасқан мәдениеттің бір бөлігі ретінде қабылданады, оны жою үшін Еуропарламентте жалғасып жатқан сыбайлас жемқорлық жанжалы аясында Еуропаның құқық қорғау органдары жұмыс істеуде, - дейді  ол.

Айтуынша, мұндай заң шығарушылардың беделі ұзақ уақыт бойы қаржылық және басқа сипаттағы бұзушылықтармен, соның ішінде сыртқы ықпал ету топтарымен байланыс арқылы ластанған.

Қазақстанда бұл үдерісті алаңдаушылықпен бақылауда. Еуропаның маңызды заң шығару институтының беделін қалпына келтіру үшін Еуропаның құқық қорғау органдары мен соттарының объективтілігіне үміттенемін, -дейді Сырым Айдос.

Өзгелердің жаңалығы