Еуропарламент автокөлікке қатысты заң жобасын қолдады

9 Маусым 2022, 09:30
1216
Бөлісу:
Еуропарламент автокөлікке қатысты заң жобасын қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық Одақта 2035 жылдан бастап бензин және дизельмен жүретін көліктерді шығаруға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Еуропалық парламент осындай заң жобасын бекітті. Бірақ құжат енді Одаққа мүше әрбір елмен талқыланып, содан кейін ғана тиісті заң қабылданады. 

Жоспар кәрі құрлық аумағында ауаға зиянды қалдықтарды шығаруды азайтуға бағытталған. Осы мақсатта 2030 жылға дейін жеңіл көліктерден шығатын зиянды қалдықтарды 55 процентке, ал жүк көліктерінен 50%-ке дейін қысқарту да көзделген. 

Бұл – тарихи оқиға. Себебі біз ауаға көмірқышқыл газының таралуын реттейтін жүйе арқылы әлемге үлгі көрсетіп отырмыз. Біріншіден, бұл қадам серіктестерімізді климаттың өзгеруімен күреске атсалысуға итермелейді. Екіншіден, шетелден импортталатын тауарларға да осындай талаптар қойылмақ, - деді Еуропарламент депутаты Мохаммед Хахим. 

Өзгелердің жаңалығы