Еуропалық Одақтың цифрлық валютасы таныстырылды

25 Мамыр 2023, 19:14
836
Бөлісу:
Еуропалық Одақтың цифрлық валютасы таныстырылды

Еуропалық Орталық банк ортақ аймақтың цифрлық валютасын таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Жоба Франкфурт қаласында Еуропалық Орталық банктің 25 жылдық мерейтойын атап өту кезінде таныстырылды. Еурокомиссия алдағы уақытта оны реттейтін заңнаманы талқыға салмақ. Қазір еуроәлемде доллардан кейін екінші валютаға айналған. 

Ол – Одаққа мүше 20 елдің басты ақшасы. 

Біз Еуропалық Орталық банкпен бірлесіп, еуроның цифрлық нұқсасын жасап жатырмыз. Ол біздің қағаз бен тиын ақшамызды толықтыратын болады. Еурокомиссия оны реттейтін заңнаманы жуық арада ұсынады, - деді Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен.

Өзгелердің жаңалығы