Еуропалық Одақ көші-қон саясатын қатаңдатып жатыр

17 Сәуір 2025, 08:55
354
Бөлісу:
Еуропалық Одақ көші-қон саясатын қатаңдатып жатыр
Фото: pexels

Еуропалық Одақ көші-қон саясатын қатаңдатып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ DW-ге сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия мигранттарды жеделдетілген тәртіппен қайтаруға болатын жеті "қауіпсіз елдің" тізімін ұсынды. Оған Бангладеш, Колумбия, Косово, Египет, Үндістан, Марокко және Тунис елдері кірді.

Бұл шешім ЕО елдеріне баспана беру жөніндегі өтініштерді тезірек қарауға және қабылданбаған мигранттарды отандарына қайтару процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

ЕО-ның көші-қон істері жөніндегі комиссары Магнус Бруннер тізімді ұсыну кезінде:

Қазір көптеген елдерде өтініштер саны артып отыр. Сондықтан шешім қабылдау процесін жеделдету өте маңызды, – деді.

Айта кетейік, кейбір ЕО мүшелері осындай тізімдерді өз елдерінде бұрыннан қолданады. Енді бұл тәжірибе одақ аясында кеңейтіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы