Еуропалық бағдарлама қазақстандық 127 ғылыми жобаны қаржыландырған

5 Қыркүйек 2023, 12:42
748
Бөлісу:
Еуропалық бағдарлама  қазақстандық 127 ғылыми жобаны қаржыландырған
Фото: автордан

Бұл туралы Қазақстандағы ЕО делегациясы Роберт Брудзински айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым - ол бір орында тұрақты тұрмайтын, үнемі дамып, жетіліп отыратын сала. Сондықтан әрдайым серіктестік орнатып, жұмыс істеу қажет. Сол себепті бұл мемлекеттік сектор ғана емес, сонымен бірге ғылыми қауымдастық пен бизнес арасындағы байланыс. Бұл байланыс берік, тұрақты және ұзақ болғаны маңызды. Мұндай серіктестіктен бәрі ұтады, - деп айтты ол.

ЕО делегациясы өкілінің сөзінше, Horizon Europe бағдарламасы ғылыми зерттеумен айналысуға мүмкіндік беретін жоба. Бұл ғылымды қаржылай қолдауға бағытталған әлемдегі ең ауқымды бағдарлама. Оған шамамен 95 млрд еуро бөлінген. Бұл Еуропаның және бағдарламаға қатыса алатын елдердің бағдарламасы. Оған Қазақстан да қатыса алады.

Бізде осы серіктестікті нығайтуға ниет пен қаржы бар. Осы бағдарлама аясында бүгіннің өзінде Қазақстанда бірнеше жоба жұмыс істеп жатыр. Horizon Europe бағдарламасы және басқа да бағдарлама аясында 1996 жылдан бері Қазақстанда 127 ғылыми жоба қаржыландырылды. Олардың жалпы сомасы шамамен 37 млн еуро. Қазір Horizon Europe бағдарламасы аясында Қазақстанда гидростанция салу бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол жоба былтыр басталған. 2026 жылға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр, - деп түсіндірді Роберт Брудзински.

Оның сөзінше, Еуропалық Одақ 2021-2027 жылдар аралығында ғылыми жобаларды қаржыландыруға 95 млрд еуро бөлген. Бұл - ғылымға бөлінген жеті жылдық бюджет. Бағдарламаның грантын кез келген ғалым ұсынған жобасының өзектілігіне, бәсекеге қабілеттілігіне қарай жеңіп ала алады.

Бұған дейін елордада Назарбаев университетінде шикізатты өңдеу және зерттеуге арналған семинар өтіп жатқанын хабарладық.

Өзгелердің жаңалығы