"Еуропаға бару жеңілдейді": Сыртқы істер министрі Жозеп Боррельмен келіссөз жүргізді

1 Тамыз 2024, 16:36
536
Бөлісу:
"Еуропаға бару жеңілдейді": Сыртқы істер министрі Жозеп Боррельмен келіссөз жүргізді
Фото: Арман Мухатов

Астанада Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және кауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуроодақ өзара сенімге, сыйластық пен ортақ басымдықтарға негізделген берік қатынастарды бірізді дамытуда. Жаңа ғана өткен келіссөздерде келсек, оның нәтижелері ашық әрі конструктивті сипатта өткеніне айрықша ризамын. Бүгінгі таңда ең басты мақсатымыз - Қазақстан мен ЕуроОдақ арасында кеңейлтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асыру жолдарын қарастырып, өзара тиімді шешімдер табу, - деді Нұртілеу Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде.

"Еуропаға бару жеңілдейді": Сыртқы істер министрі Жозеп Боррельмен келіссөз жүргізді

Министрдің айтуынша, Қазақстанның Еуроодақпен саяси және суда экономикалық ынтымақтастығы серпінді түрде өрістеуде.

Лидерлеріміздің екіжақты және көпжақты форматтағы интенсивті жұмыстарын жалғастырудың арқасында шығар белестер бүгінгіден де биік болады деген үміт зор. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ –  Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін қанағат сезіммен атап өтемін. Биыл 5 айдың ішінде өзара сауда  20,2 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш еліміздің жалпы сауда айналымының 37 пайызына жетеді. 2023 жылға келсек, алыс-берісіміз  41 млрд доллардан асып түсті. Былтыр Еуроодақ елдерінен Қазақстан экономикасына 10,4 млрд доллар инвестиция тартылды. Ал, 2005 жылдан бері құйылған инвестициялар 180 млрд доллардан асты, - дейді Сыртқы істер министрі.

Мұрат Нұртілеу елімізде 3 мыңнан астам еуропалық компаниялар экономикамыздың түрлі секторларында белсенді жұмыс істеп жатқанын айтады.  Олардың ішінде «Eni», «Total», «Amazonen-Werke», «Air Liquide», «Alstom», «Carlsberg» сияқты аты әлемге танымал компаниялар бар.

"Еуропаға бару жеңілдейді": Сыртқы істер министрі Жозеп Боррельмен келіссөз жүргізді

Екі тарап кездесуде Еуроодақ санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсері туралы талқылаған.

Бұған қоса, трансконтиненталды теміржол, әуе және автомобильдік көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығы айтылды. Өз кезегінде, Еуропалық Одақ «Транскаспий халықаралық көлік маршрутын» бірге дамытуға деген қызығушылығын растап отыр. Жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан азаматтары үшін Еуроодақтың визалық режимін жеңілдету екенін бұған дейін де естіп жүрсіздер. Доктор Борреллмен осы түйінді шаруаның оң шешімін жуық арада табу мақсатында күш-жігер жұмылдыруға уағдаластық, - деді ведомство басшысы.

"Еуропаға бару жеңілдейді": Сыртқы істер министрі Жозеп Боррельмен келіссөз жүргізді

Сыртқы істер министрі Боррельмен өңірлік және халықаралық мәселелер туралы сөз қозғаған.

Орталық Азиядағы сын-қатерлерді, оның ішінде аймақтағы климаттың өзгеруі, Ауғанстан мен Таяу Шығыстағы жағдай талқыға салынды . Әріптесіммен бірге әлемде орын алып жатқан қақтығыстарды тек қана Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысындағы егемендік, тәуелсіздік және территориялық тұтастық қағидаттарына сай шешу қажеттігін мәлімдедік, - деді Мұрат Нұртілеу.

Өзгелердің жаңалығы