Еуропадағы ең қауіпсіз мемлекет анықталды

25 Ақпан 2023, 16:41
1624
Бөлісу:
Еуропадағы ең қауіпсіз мемлекет анықталды
Фото: immigrant invest

Gamblino порталы зерттеу жүргізіп, Еуропадағы ең қауіпсіз елді анықтады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қауіпсіздік - кез келген елдегі азаматтардың өмірі мен әл-ауқатының маңызды факторы саналады. Сол себепті сарапшылар Еуропа елдерін бірнеше критерий бойынша зерделеді. Оның ішінде қылмыс ықтималдығы, жол апаттары, табиғи апаттар қаупі және жаһандық бейбітшілік индексі.

Талдау жұмыстары нәтижесінде Еуропадағы қауіпсіздік бойынша бірінші орында өзінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігімен, сондай-ақ жоғары өмір сүру деңгейімен және дамыған экономикасымен танымал Швейцария көш бастады, - делінген зерттеу нәтижелерінде.

Екінші орынды Исландия иеленді, үздік үштікке Норвегия шықты. Аталған рейтингте Дания, Люксембург, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Австрия және Швеция үздік ондыққа енді.

Өзгелердің жаңалығы