Еуропада үшінші толқын басталды ма?

5 Наурыз 2021, 11:30
4297
Бөлісу:
Еуропада үшінші толқын басталды ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия Еуропалық одақтан Австралияға AstraZeneca вакцинасының 250 мың дозасын экспорттауға тыйым салды, деп жазады ru.euronews.com. 

Ол бұл үшін ЕО-ның коронавирустық вакциналардың жетіспеушілігін болдырмау шаралары аясында бір айдан астам уақыт бұрын енгізілген экспортты бақылау туралы жаңа ережелерін қолданды.

Германия, өз кезегінде, 65 жастан асқан адамдарға осы вакцинаны егуге рұқсат берді. Бұрын бұл препараттың егде жастағы адамдарға әсері туралы жеткілікті клиникалық мәліметтер болмағандықтан жасалмады. Нәтижесінде, бұл вакцина әсерінен болатын скепсис жастарда да байқалған. Бірақ жақында Ұлыбританияда жарияланған бұл вакцинаның тиімділігі туралы мәліметтер Берлин шешімін қайта қарауға мәжбүр етті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, Еуропа континентіндегі алты апталық құлдыраудан кейін тағы да инфекция өршіп келеді.

ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клуге: «біздің ауруханаларымызға ауыртпалық түскен жоқ. Медицина қызметкерлері көрші елдердегі әріптестерімен ынтымақтаса жұмыс істеуде. Бірақ пандемия басталғаннан бір жыл өткен соң, біз мұндай жағдайға тап болмауымыз керек еді. Жағдайды қалыпты күйге келтіруіміз керек, - деді ол.

Коронавирустық инфекцияның үшінші толқынына жауап ретінде Венгрия барлық дүкендер мен жанармай құю бекеттерін екі аптаға, ал балабақшалар мен мектептерді бір айға жабуды жоспарлап отыр.

Грекияның такси жүргізушілері Афины орталығында үкіметтен қаржылық көмек пен салықты азайтуды талап ететін наразылық акциясын өткізді. Бейсенбіден бастап инфекцияның өрши түсуіне байланысты Грекияда бұрынғыдан да қатаң тыйым енгізілді.

Ал Чех ауруханаларының қызметкерлері коронавирустық инфекция жұқтырған науқастардың күрт ағынымен күресу қиындап кеткенін айтып шағымдануда.

Өзгелердің жаңалығы