Еуропада орман өртінен адамдар эвакуацияланып жатыр

20 Маусым 2022, 19:17
1005
Бөлісу:
Еуропада орман өртінен адамдар эвакуацияланып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропада орман өртенуі салдарынан адамдар эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады. 

Берлиннен 70 шақырым жерде күннің аптап ыстығы мен қатты дауылдан орман өртене бастаған. Атап айтқанда, Германияда ауа температурасы 38 градус Цельсийді көрсетіп тұр. Ел билігі шамамен 20 шақты ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берді. Себебі жұма күні басталған өрт олардың үйлеріне таяп қалған. Өрт 100-110 гектар жерге таралып үлгерді. 

Жексенбі күні Эвияның орталық бөлігінде орман өрті ырыққа көнбей кеткен. Оған қоса қатты соққан жел өртті одан сайын өршітіп, Гайядағы таулы орманның алқабына таралған.

Өзгелердің жаңалығы