Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропада орман өрті өршіп тұр: бірнеше ел халықаралық көмекке жүгінді

14 Тамыз 2025, 23:57
674
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Оңтүстік Еуропаның бірқатар елдерінде ірі орман өрттері жалғасуда. Еуропалық комиссияның мәліметінше, биылғы өрт маусымында ЕО азаматтық қорғау механизмі 16 рет іске қосылған. Испаниядан бөлек, Грекия, Болгария, Албания және Черногория халықаралық көмек сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Испанияда Леон провинциясындағы өртті сөндіру кезінде бір адам қаза тапты. Бұл – елдегі орман өрттерінен биыл тіркелген үшінші өлім. Өрт маусымы басталғалы 148 мың гектардан астам жер жанып, 10 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бейсенбіде төрт адам өрт қойғаны үшін ұсталды.

Португалияда елдің солтүстігі мен орталығында төрт ірі өртпен 800-ден астам өрт сөндіруші және оннан астам авиация техникасы күресуде.

Францияда Каркасон мен Нарбон маңындағы өрттен екі адам қаза тапты. Сарапшылар оны қасақана өрт қоюдан шыққан деп болжайды. Бұл – соңғы 50 жылдағы Жерорта теңізіндегі ең ірі орман өрті, 16 мың гектар жер жанып кетті.

Грекияда Патра қаласы маңындағы өртке байланысты балалар ауруханасы мен қарттар үйі эвакуацияланды. Ел бойынша 600-ден астам өрт сөндіруші мен 30 ұшақ жұмыс істеп жатыр. Жалпы, 10 мың гектардан астам жер өртенген.

Албания мен Черногорияда да жағдай күрделі. Кей өңірлерде ауа райының жақсаруы мен авиацияның көмегі жалынды бақылауға алуға мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы