Еуропада газ бағасы қайта қымбаттады

24 Тамыз 2022, 06:36
837
Бөлісу:
Еуропада газ бағасы қайта қымбаттады

Нидерландыдағы TTF сауда алаңында газ бағасы қайта қымбаттады. Сейсенбі күні таңертең бір мегаватт-сағат электр энергиясының құны 291 еуроға дейін көтерілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүйсенбі, 22 тамыз күні TTF хабындағы сауда 1 МВт/сағ үшін 276 еуромен аяқталған. Бұл өткен жұмада орнатылған бір МВт/сағ 244,55 еуроны құраған алдыңғы рекордтан 10%-дан астам жоғары.

Бүгін таңертең баға 291 еуроға дейін көтерілген. Олай болғанымен, жергілікті уақыт бойынша 14:25-те газ бағасы 271 еуроға дейін төмендеді. Дегенмен, мамандар газдың қазіргі бағасы жылдың осы мезгілінде әдеттегіден 15 есе жоғары екенін атап өтті.

Газ бағасы ресейлік «Газпром» компаниясының 31 тамыздан бастап «Северный поток» газ құбырында үш күндік жөндеу жұмыстарын жүргізетіндігі туралы мәлімдемесімен байланысты көтерілген.

Демалыс күндері неміс саясаткерлері газбен қамтамасыз ету жағынан қиындықтар туындайтынын ескертті. Бұған қатысты алаңдаушылығын Бельгияның премьер-министрі Александр де Кроо да білдірген. Дүйсенбіде сөйлеген сөзінде А.Кроо алдағы айлар мен қыстың ғана емес, «алдағы бес-он қыстың да қиын болатынын» айтты.

Өзгелердің жаңалығы