Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақта әр елдің балаларға екпе жасаудың өз күнтізбесі бар, деп жазды "Хабар 24".
Бельгияда полиомелитке қарсы вакцинаны егу міндеттелсе, Францияда оған қоса дифтерия және сіреспеге қарсы екпе жасалады. Ал баланы мектепке беру үшін туберкулезге қарсы да егу қажет. Италияда міндетті егулер тізіміне В гепатитіне қарсы вакцина да кіреді.Шығыс Еуропа елдерінде бұл тізім кеңірек. Словения, Чехия және Венгрияда көкжөтел, қызылша, паротит, қызамық, В түріндегі гемофилді инфекцияға және туберкулезге қарсы екпе жасауы тиіс.
Бельгияда полиомелитке қарсы вакциналаудан бас тартқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылса, өзге екпелерсіз балабақшаға қабылдамайды. Еуроодаққа мүше барлық елдерде иммунизациялауды белсенді үгіттеп, жалпы халық вакциналарға оң қарайды, - деп хабарлайды "Хабар 24".
Екпелердің дені медициналық сақтандыру жүйесінен төленеді.