Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еуропа жаңа зениттік зымыранын сынақтан өткізді

6 Тамыз 2025, 01:29
622
Бөлісу:
 Defence24
Фото: Defence24

Францияның Бискаросс полигонында жаңартылған Aster Block 1 NT зениттік зымыраны сәтті сынақтан өтті. Бұл – америкалық PATRIOT жүйесінің ықтимал баламасы ретінде қарастырылып отырған жоба. Сынақ жөнінде Defence24 басылымы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Сынақ барысында зымыран 150 шақырым қашықтықтағы нысанды 25 шақырымнан астам биіктікте сәтті анықтап, жойды. Мамандар бағыттау жүйесі мен электрондық компоненттердің тиімділігін тексерді. Басылым мәліметінше, ұшыру штаттық режимде өтіп, жүйенің тиімділігі дәлелденген.

Бұл – Aster Block 1 NT зымыранының екінші сынағы.

Айта кетейік, 2025 жылдың наурызында Еуропалық комиссия "Еуропаны қайта қаруландыру" деп аталатын жаңа қорғаныс стратегиясын жариялаған болатын. Кейін құжат атауы "Дайындық 2030" болып өзгертілді. Бағдарлама шеңберінде төрт жыл ішінде €800 млрд көлемінде инвестиция тарту көзделіп отыр. Оның ішінде €650 млрд ЕО елдерінің бюджеттерінен, ал қалғаны несие есебінен бөлінбек.

Еурокомиссия әскери шығындарды ЖІӨ-нің кемінде 1,5%-ына дейін арттыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар, қорғаныс мақсатында өңірлік даму қорларының бір бөлігін қайта бағыттау жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы