Еуропа коронавирус инфекцияның екінші толқынын бастан кешуде

17 Шілде 2020, 10:39
1137
Бөлісу:
Еуропа коронавирус инфекцияның екінші толқынын бастан кешуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жалпы алғанда, құрлықта COVID-19-дан 200 мыңнан астам адам көз жұмған.

Бұл туралы ru.euronews.com хабарлады.

Еуропа коронавирус инфекцияның екінші толқынын бастан кешуде. Жалпы алғанда, құрлықта COVID-19-дан 200 мыңнан астам адам көз жұмды, 3 миллионға жуық адам вирус  жұқтырған. Каталондық Льейдада  қатаң карантин енгізілгелі бері бір тәулік болды, оқшаулауға 200 мыңға жуық испаниялық орналастырылған. Льейдадағы карантин Мадрид каталон билігінің шешімін қолдаған соң енгізілді.

Бұл күндері Иберия Корольдігінде инфекцияның анықталған жаңа жағдайлары арасында соңғы 2 айдан бергі ең күрт өсім тіркелді.

Румынияда соңғы тәулік ішінде 640-тан астам жаңа вирус тасымалдаушы табылды, үкімет індетке қарсы тиімді күресу үшін төтенше жағдай режимін ұзартуды жөн деп тапты. Мемлекет басшысы Клаус Йоханнис отандастарын маска тағып, өзге де сақтық шараларын ұстануға шақырды. 

Біз күш-жігерімізді біріктіре отырып, жеңіп алған позициялардан бас тарта алмаймыз. Біздің ұлтымыз бұл жағдайды еңсере алады, - деді ол.

Балканда болып жатқан жағдайлар да алаңдаушылық тудырады.

Солтүстік Македония Республикасы және Албаниямен шектесетін Греция туристер мен транзитпен жүретіндер үшін шекарада вирус тасымалдаушылыққа талдау анықтамасын ұсыну ережесін енгізді. Құжат ағылшын тілінде жасалуы тиіс. 

Карантиннің үш айында жабық тұрған Париждегі Диснейленд халық үшін есігін айқара ашты. Бірақ, ойын-сауық паркінің басшылығы сақтақ мақсатында келушілер санын күрт азайтуға мәжбүр.

Өзгелердің жаңалығы