Еуроодақ Сириядағы он жылдық қарулы қақтығыс пен жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1,5 миллиард еуро бөледі. Бұл туралы Еуропалық Комиссия төрағасы Жозеп Боррель мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Оның айтуынша, сириялықтардың 90 пайызы кедейлікте күн кешіп жатыр. Ал халықтың 60 пайызы азық-түлік тапшылығынан зардап шеккен.
Боррель сондай-ақ алдағы уақытта бірқатар араб елі мен Сириямен қарым-қатынасы оң бағытта дамитынын айтты. Брюссельдегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш те халықаралық қауымдастықтан Сирияға көмек көрсетуді жалғастыруды сұрады.