Еуроодақ санкциясының 20-пакетіне Қазақстан компаниясы да ілікті

ЕО Ресейге қарсы 20-шы санкциялар пакетін қабылдады: Тізімге Қазақстан компаниясы да ілікті

 Nicolas Tucat/AFP/Getty Images Бүгiн 2026, 20:02
Бүгiн 2026, 20:02
156
Фото: Nicolas Tucat/AFP/Getty Images

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа пакетін жариялады. Бұл соңғы екі жылдағы ең ірі шектеулер жиынтығы болды, деп хабарлайды  DW басылымы. 

ЕО Кеңесінің мәлімдеуінше, санкциялық тізімге 120 жеке тұлға мен ұйым қосылды. Жаңа «қатаң көпдеңгейлі санкциялар» Ресей экономикасының негізгі секторларына соққы беруді көздейді.

Ресейдің «көлеңкелі флотының» тізімі тағы 46 кемемен толықты. Жаңа пакет танкерлерді сату кезінде сенімділік тексерісін енгізеді, бұл Ресей флотының кеңеюін қиындатуы тиіс. Сонымен қатар:

  • ЕО елдерінде ресейлік мұзжарғыштар мен сұйытылған табиғи газ (СТГ) таситын танкерлерге техникалық қызмет көрсетуге тыйым салынды.
  • 2027 жылдан бастап Ресейге қатысы бар компанияларға СТГ-терминалдарының қызметін көрсетуге шектеу қойылады.

Транзакциялар үшін Туапсе мен Мурманск порттарына, 20 ресейлік банкке және үшінші елдердегі төрт қаржы институтына шектеу қойылды.

Сондай-ақ криптоактивтер саласында Ресей қамтамасыз ететін A7A5 стейблкоинына және RUBx криптовалютасына қарсы тыйымдар енгізілді. Ал Еуропалық компанияларға ресейлік «цифрлық рубльді» дамытуға қолдау көрсетуге тыйым салынды.

Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенімен (ӘӨК) байланысы бар деген күдікпен 58 компания санкцияға ілікті. Олардың арасында Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қазақстан және Беларусьте орналасқан 16 ұйым бар.

Сонымен қатар ЕО Қырғызстанға бағдарламалық басқаруы бар станоктар мен радиоқұрылғыларды экспорттауға тыйым салды. Бұл техникалардың сол жерден Ресейге қайта тасымалдануы (реэкспорт) себеп болған.

Наверх