Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үшінші елдерден Еуроодаққа кіруге уақытша шектеулер 15 маусымға дейін ұзартылуы мүмкін. Мұндай ұсынымды Еурокомиссия Шенген аймағындағы елдерге берді, деп хабарлады Deutsche Welle.
Оқи отырыңыз:
Басылымның мәліметтері бойынша, коронавирус инфекцияның пандемиясына байланысты саяхат жасауға тыйым салынған.
ЕО-ның кейбір мемлекеті және Шенген аймағымен байланысты пандемияның таралуына қарсы күрес шараларын жеңілдету бойынша дайындық қадамдарын қабылдай бастаса да, Еуропадағы және әлемдегі жағдай тұрақсыз болып қала береді, - деп атап өтті Еурокомиссияда.
Сонымен қатар, ЕО атқарушы органында одақ құрамындағы елдеріне сыртқы шекараларға кіру шектеулерін ұзарту керек екенін айтты.
Біз сыртқы шекараларда шектеулерді алып тастамай тұрып, резидент еместерге ЕО-ға кіруге кепілдік бермес бұрын ішкі шекараларда еркін жүріп-тұруға және бақылауға қойылған шектеулерді бірте-бірте алып тастау керек, - деп мәлімдеді ішкі істер жөніндегі еурокомиссар Ильва Йоханссон.
Айта кеткен жөн, ұсыныс 30 елге арналған. Яғни, Шенген аймағының 26 мүшесі, сондай-ақ онымен байланысты төрт ел: Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария.