Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуроодақта ересектердің 70 пайызына вакцина салынған. Бұл туралы Еурокомиссия президенті мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Оқи отырыңыз:
Ең басты мақсатымыз – бүкіл әлемде вакциналау қарқынын үдету. Табыс көрсеткіштері төмен елдерде екпе салдырған адамдардың үлесі бір процентке жетпейтінін ескерсек, әділетсіздік ауқымы мен шұғыл әрекет ету қажеттілігі айқын білінеді. Бұл осы кездегі ең өзекті геосаяси ахуалдардың бірі. Бұл жағдайды вакциналанбағандардың пандемиясына айналдырмау үшін бар күшімізді салуға тиіспіз, – деп мәлімдеді Еурокомиссия президенті Урсула Фон Дер Ляйен.Қазір одақ алдында бірнеше міндет тұр. Олардың дені 12 айдың ішінде орындалуы тиіс. Мәселен, Еурокомиссия жетекшісі халық денсаулығын бақылауды күшейтуді ұсынған. Бұл мақсатта 2027 жылға дейін 50 миллиард еуро бөлінбек. Бұдан бөлек алға қойылған міндеттердің арасында Еуропаны технологиялық көшбасшыға айналдыру және Одақтың қорғаныс қабілетін арттыру бар.