Қазақстан құрылыстағы Еурокодтарды пайдалана бастайды

13 Ақпан 2019, 18:48
1900
Бөлісу:
Қазақстан құрылыстағы Еурокодтарды пайдалана бастайды

Астана, BAQ.KZ. 2020 жылдан бастап Қазақстан құрылыстағы Еуропалық нормаларды (Еурокодтарды) пайдалануға көшеді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) сайтында жаңа норматвитік базаны енгізуді талқылауға арналған платформа құрылды. Аталмыш ресурс арқылы Стандарттау жөніндегі еуропалық комитеттен (СЕN) соңғы жаңалықтарды білуге және Еурокодтардың мазмұнымен танысуға, Қазақстанда Еуропалық стандарттарды пайдалану арқылы қандай жобалар орындалғанын және есептеудің жаңа әдістемесімен құрылысшылардың қандай нәтижелерге жеткенін көруге болады" - делінген хабарламада.

Алаң сондай-ақ Еурокодтарға (ҚР ЕЖ EN)  Ұлттық қосымшаларды әзірлеушілерге тікелей сұрақ қоюға, Еурокодтарды қолдану саласындағы өзекті сұрақтарға жауап алуға немесе әріптестермен пікір алмасуға мүмкіндік береді.

Еурокодтарды талқылауға арналған платформаға мына сілтеме арқылы кіре аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы