ЭЦҚ-ны онлайн алу кезінде паспортты пайдалануға болады 

27 Сәуір 2020, 17:55
1877
Бөлісу:
ЭЦҚ-ны онлайн алу кезінде паспортты пайдалануға болады 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан азаматтары паспортын пайдалана отырып, ЭЦҚ-ны қашықтан ала алады. 

Қызметті алу үшін электрондық үкіметтің порталындағы "Сервистер" бөлімінде орналасқан "ЭЦҚ-ны қашықтан алу" қызметін таңдау қажет. Бұдан әрі кілтті алудың стандартты процедурасынан өту керек. ЭЦҚ-ны қашықтан алу жолымен сілтемесі арқылы таныса аласыз. Бұл жерде ЭЦҚ-ны алудың әр қадамы көрсетілген нұсқаулық орналастырылған, - делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін ЭЦҚ-ны қашықтан алу кезінде жүйе кейбір жағдайларда, яғни жеке куәліктің мерзімі өтіп кетуіне байланысты, құжат иесін сәйкестендіре алмады. Бұл жағдайда пайдаланушының өтінімі модерацияға жіберіліп, оған қосымша уақыт қажет болды.

Паспортты жеке басын куәландыратын құжаттың баламасы ретінде пайдалану ЭЦҚ-ны қашықтан алу барысында сәйкестендіруден өту процесін жеңілдетеді. Әсіресе, жеке куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда тиімді.

Енді Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны сәйкестендіру процесінен автоматты түрде қашықтан өту арқылы алуға болады. Бүгін ЭЦҚ-ны жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да ала алады. ТЖ кезінде 274 мың ЭЦҚ берілді.

Өзгелердің жаңалығы