Эстонияда ресейліктер мінген автобус аударылды

29 Желтоқсан 2019, 18:15
12624
Бөлісу:
Эстонияда ресейліктер мінген автобус аударылды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эстонияда Санкт-Петербургтен Ригаға кетіп бара жатқан ресейліктер мінген автобус аударылды, деп хабарлады 78.ru телеарнасы.

Жол апаты бүгін таңертең Таллин-Нарва трассасының 30-шақырымында болды. 

Автобус салонында 65 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті. Оның төртеуі Латвия азаматтары. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, жағдайлары тұрақты. Қалған жолаушылар басқа автобус арқылы Ригаға жеткізілді. 

Қайғылы оқиғаның видеосы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "ДТП и ЧП | Санкт-Петербург | Питер Онлайн | СПб" парақшасында жарияланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты автобустың техникалық ақауы салдарынан болуы мүмкін. Автобус жүргізушісі сау болған. Алайда, көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың шетіне шығып кеткен. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы