Ескі үлгідегі 500 теңгелік айналымнан шығады

16 Сәуір 2020, 19:08
1163
Бөлісу:
Ескі үлгідегі 500 теңгелік айналымнан шығады

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі 2020 жылғы 10 маусымда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік қағаз ақшаның айналымнан шығарылатынын мәлімдеді. Оған дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы саналады. 

2020 жылғы 10 маусымнан кейін банктер 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақшаға айырбастайды, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдары банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және айырбастайды, - делінген хабарламада.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды.
Бұл 500 теңгеліктің орнына 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады.
Өзгелердің жаңалығы