Ескерткіштердің жойылып кетпеуі үшін не істеу керек?

19 Сәуір 2022, 13:17
3588
Бөлісу:
Ескерткіштердің жойылып кетпеуі үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың және елдің мәдени әлеуетін дамытудың кейбір мәселелері туралы» комитеттің тақырыптық отырысында «Петроглифтерге аңшылар» тобының үйлестірушісі Ольга Гумирова ескерткіштерді қалай сақтап қалу керегін айтты.

Ата-бабамыз қалдырған тарихи-мәдени мұра – баға жетпес құнды дүние. Бірақ қолда бар дүниені сақтамаймыз, бірақ жоғалтып алсақ, жылаймыз. Арқарлы археологиялық кешенінің тарихы тағылымы мол. Ескерткіш еріктілердің, қалың жұртшылықтың, атап айтқанда, журналистердің, Марғұлан атындағы Археология институты ғалымдарының, құзырлы органдардың және Мәжіліс депутаттарының және жеке Жанарбек Әшімжанның қолдауының арқасында қорғалды. Арқарлыда 4 000 петроглиф тіркелген, бірақ олардың саны кем дегенде 2000-ға көп болар еді, - дейді Ольга Гумирова.

Сөзінше, мәдени мұра мәңгілікке жойылып, қалпына келтірілмейді.

Неліктен бұлай болды және басқа ескерткіштерде жағдай қайталанбауы үшін не істеу керек? Ең алдымен, Қазақстан Республикасының заңдарын мүлтіксіз және қатаң сақтау қажет. Егер жер бөлу кезінде археологиялық сараптама жүргізілсе, сапалы түрде петроглифтердің едәуір бөлігін сақтап қалуға болар еді, - деп айтты археолог.

Ғалымдардың айтуынша, Қазақстанда нысандардың 1/5 бөлігі ғана археологиялық ескерткіштер қорына енгізілген. 

Енді ескерткіштің археологиялық ескерткіштер топтамасына енуі үшін аттестаттаудан өту керек, яғни ескерткішті зерттеуге грант бөліп, оны бекіту жұмыстарын археологтар жүргізер еді. Бұған айлар, кейде жылдар қажет. Сондықтан тарихи-мәдени мұра объектілерін қасақана жою проблемаларын шешу мақсатында мемлекет қорғауындағы тарих және мәдени ескерткіші мәртебесін ол анықталған кезден бастап археология объектісіне заңнамалық түрде беру туралы мәселені шешкен жөн. Сондай-ақ облыстар мен аудандар бойынша Қазақстанның археологиялық ескерткіштерінің электронды карталарына осы уақытқа дейін жүргізілмеген өңірлердегі барлық археологиялық нысанды жиынтық есепке алу мен бекітуді сілтеме жасай отырып жүргізу қажет, - деп атап өтті Ольга Гумирова.

Сөзінше, бұл жоба қазақстандық археологияны жаңа деңгейге шығарып, ғалымдардың құнды ғылыми ақпаратқа қол жеткізуіне септігін тигізеді.

Сонымен қатар мұндай есепке алу ескерткіштерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің де, қара қазушылардың жоюынан қорғауға көмектеседі.

Өзгелердің жаңалығы